Жаңалықтар 28.06.2020 сағат 03:42

Ақтөбеде қызды сексуалдық зорлықтан құтқарған Ұлттық ұлан қызметкері марапатталды

Менің орнымда болған әр азамат осылай істер еді.
Ақтөбеде қызды сексуалдық зорлықтан құтқарған Ұлттық ұлан қызметкері марапатталды
Фото: inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақтөбе қаласындағы 6655-әскери бөлімінің қызметкері, ефрейтор Андрей Петровқа «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен Ерболат Сұлтановтың мәлім еткеніндей, ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғынбаевтың атынан төсбелгіні 6655-әскери бөлім командирі, полковник Мирас Тұрдалин тапсырды. Полк командирі ефрейтор А.Петровқа адам өмірін құтқарудағы батылдығы мен сауатты іс-әрекеті, белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.

«Ақтөбеде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерімен бірге күн сайын 150-ден астам Ұлттық ұлан жауынгері қала көшелеріне шығады. Олар түрлі жағдайда батыл шешім қабылдап, өз міндеттерін абыроймен орындап келеді. Соның жарқын мысалын Андрей Петров көрсетті. Қызметте емес, үйінде жүрсе де, көмекке шақырған адамды құтқара білді. Біз оның ерлігін жоғары бағалап, үлгі етеміз», деді М.Тұрдалин.

«Мен бала күннен әскери қызметші болуды армандадым. Мектепте спорт үйірмелеріне қатысып, еркін күреспен айналыстым, талай жүлде алдым. Өз әрекетімді ерлік деп бағаламаймын. Менің орнымда болған әр азамат осылай істер еді. Біз немқұрайлы болмасақ қана өз жанымызда жүрген адамдарға қолұшын соза аламыз», деді А.Петров.

Бұдан бұрын жауынгердің батыл іс-қимылын ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Сералиев бағалап, алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырған болатын, деп мәлімдеді ҚазАқпарат агенттігі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар