"Роскосмос" корпорациясының арнайы борты COVID-19-бен күресу үшін Байқоңырға келді, оның ішінде ресейлік федералдық медициналық-биологиялық агенттіктің мамандары бар деп хабарлайды Skifnnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Осы рейспен жасанды тыныс алу аппараттары, екі мың жеке қорғаныс құралының жиынтығы мен қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді.
"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы мен Ресейдің федералдық медициналық-биологиялық агенттігі "Байқоңыр" кешенінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қажетті іс-шараларды қолға алып жатыр", - делінген хабарламада.
"Байқоңыр" кешенінде медициналық қызметті агентікке қарасты № 1 орталық медициналық-санитарлық бөлім көрсетеді.
"Медициналық ұйым жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек пен медициналық техникамен толыққанды қамтамсыз етілген. Сондай-ақ кадрлық құрам күшейтілді. Қазіргі уақытта орталық медициналық-санитарлық бөлімде алты инфекционист және сегіз анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Байқоңыр қаласында COVID-19 инфекциясының жаппай тарала басталуына байланысты алдын алу шараларының күшейтілгені хабарланған еді.
26 маусымдағы жағдай бойынша инфекциялық стационарда 60 адам емделіп жатыр, 28 пациент сауығып шыққан.