$ 498.55  524.28  4.75

Бүгін Таулы Қарабақта Әзірбайжан әскері үлкен шығынға ұшырады — «Интерфакс»

Мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының астанасы Степанакертте Әзірбайжан әскерінің 300-ден астам сарбазы қаза тауып, тағы мыңдағаны жараланды, 20 танктің көзі жойылған деп хабарлайды «Интерфакс» жергілікті күштік құрылымдарға сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда қарулы қақтығыстар республиканың солтүстік-шығысындағы — Мартакерт және оңтүстік-шығысындағы Гадрут бағыттарында жүріп жатыр. Қару-жарақтың барлық түрі қолданылуда. Қарабақ әскері қарсылас жаулап алған жерлерді босату үшін ұрыс жүргізіп жатыр», — дейді «Интерфакс» тілшілеріне сұхбат берген жергілікті күштік құрылымның өкілі.

Ал, ресми Баку болса мұндай ақпаратты жоққа шығарып, сарбаздарының түгел қатарда екенін мәлімдеді деп жазады «Интерфакс-Азербайджан».

«Қақтығыстар басталғалы бері Әзірбайжан тарапы 15 сарбазынан айрылды. Армяндар мәлімдеп жатқан статистика өтірік және күлкілі», — дейді Әзірбайжан Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Вагиф Даргяхлы. Оның айтуынша, 20 танк емес, тек 1 ғана темір техниканың көзі жойылған.

Айта кетейік, бұған дейін Әзірбайжан тарапы Таулы Қарабақта армяндардың штабын талқандағанын мәлімдеген еді. Алайда, бұл ақпаратты да армяндар жоққа шығарды.

Естеріңізге салайық, Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыстар 2 сәуір күні түнде басталған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары