$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті

Мемлекет басшысының жарлығымен көшірілді.
Фото: zanmedia
Фото: zanmedia

Қазақстан Ұлттық банкі Нұр-Сұлтан қаласына көшірілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін астанаға көшірілді. Ұлттық банктің жаңа мекенжайы - Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 57 А», - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Қазақстанның қаржы орталығы – Алматы қаласындағы Әйтеке би, 67 мекенжайында Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы - Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.

Өкілдік ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, қаржы нарығының субъектілері және халықаралық қаржы институттарымен тығыз өзара әрекеттестікті жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары