$ 494.87  520.65  4.91

«Ақымақ емеспін ғой»: Лукашенко вирусты жеңгендерін мәлімдеді

Мәселен, статистика бойынша, Беларуссияда вирус жұқтырғандардың саны бұрынғыдай көбейіп жатқан жоқ.


 Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирус індетімен күресу үшін дұрыс жолды таңдағанын жеткізді. Оның сөзінше, ол үш айдан бері есі шыға елі үшін қатты алаңдаған екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
 
ТАСС-тың жазуынша, жақында Александр Лукашенко халқының сенімін ақтағанын мәлімдеген. Себебі ол, коронавируспен күресудің ұтымды тәсілін таңдапты. Мәселен, статистика бойынша, Беларуссияда вирус жұқтырғандардың саны бұрынғыдай көбейіп жатқан жоқ.

 "Үш ай бойы COVID-19 жағдайы не болып жатқанына алаңдадым. Ақымақ емеспін ғой, әлемде бір ғана ел осы вирусқа қарсы күресте ерекше жол таңдағанын түсінемін. Құдай сақтасын, егерде індетті жеңу қолымыздан келмесе, бірден мені кінәлайтындарыңыз анық. Оңай-қиын деп ойларсыз, бірақ біз жеңдік",– деді Александр Лукашенко. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары