$ 494.87  520.65  4.91

Нобель сыйлығының лауреаттары коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін салуды ұсынды

100-ден аса саясаткер мен мәдениет және ғылым қайраткерлері қол қойған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

КСРО экс-президенті Михаил Горбачев және Нобель сыйлығының лауреаттары халықаралық ұйымдар мен бизнес өкілдеріне ерекше ұсыныс жасап отыр. Олар коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін салу жайлы үндеу жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, DW дерегіне сілтеме жасап.

 Тіпті олар, "жаһандық жалпыға ортақ игілік" деп тануға шақырып, үндеуге қол қойды.

Бұл игі бастамаға Нобель сыйлығының лауреаты мұрындық болып отыр. Оған қоса, үндеуге Нобель сыйлығының 17 лауреаты, 20 экс-президент, 15 экс-премьер-министр, 100-ден аса саясаткер мен мәдениет және ғылым қайраткерлері қойыпты.

Ақпарат көзінің дерегіне сүйенсек, бұл үндеудің мақсаты - бүкіл әлем бойынша вакцинаны қолжетімді ету.

Үндеуде вакцинацияның пайдасы, әсіресе, оның бүкіл елдің тұрғындарына оның қолжетімді болатыны негізге алынған. Сондықтан қол қоюшылар үкіметтерді, қорларды, қайырымдылық көмекшілерді және бизнесті тегін вакцинаны өндіруге және таратуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары