29.06.2020, 15:40

Қазақстанда 2 жаңа мемлекеттік телеарна ашылады

Оның айтуынша, «Абай ТВ» телеарнасы ертең, 30 маусым күні жұмысын бастағалы отыр.

Қазақстанда «Абай ТВ» және «әл-Фараби» атты екі жаңа мемлекеттік телеарна ашылады. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.

Оның айтуынша, «Абай ТВ» телеарнасы ертең, 30 маусым күні жұмысын бастағалы отыр.

«Телеарна «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «отбасына» кіретін телеарна және ол отандық мәдениеттің байлығы мен мұрасына арналған салалық арна болады», - деп мәлім етті Балаева.

Ал, «әл-Фараби» атты арна алты жастан бастап, 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің телеарнасы болмақ. Ол оқу жылының қарсаңында «Хабар» агенттігінің базасында жұмысын бастайды.

«Оқу жылының қарсаңында ашылатын «әл-Фараби» телеарнасы балалар мен жасөспірімдердің аудиториясына арналған (6-18 жасқа - агенттік) білім бері, ағарту бағытындағы арна болады. Бұндай телеарнаның керек екенін пандемия жағдайында түсіндік», - дейді Балаева.