Елбасының туған бауыры Болат Назарбаевтың әйелі Гүлжан Назарбаева қайтыс болды. Суыт хабарды Sputnik Қазақстан тілшісіне Айша қоғамдық қорының директоры Айша Оразбай растады.
"Гүлжан кеше қайтыс болды. Бүгін жерледі. Ол кісінің бұрыннан жүрегі ауырады екен, содан қайтыс болды, басқа ауру емес", - деді Айша Оразбай Sputnik Қазақстан.
Айтуынша, Елбасының келіні Шамалған ауылының маңындағы Шұбарат зиратына жерленген.
"Шұбаратқа жерледі. Ол жерде тұңғыш президенттің әке-шешесі жатыр. Бірақ карантинге байланысты ешкімді кіргізбеді", - деді ол.
Болат Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі. Қазір жасы 67-де. Ашық деректерге сүйенсек, Елбасының бауыры бірнеше рет үйленген.