$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да аурухана директоры шенеуніктермен соттаспақ

Болатбек Каюпов "ешқандай кикілжің болмады" дейді.

Оралда шамамен екі апта бұрын облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова қызметінен кету туралы арыз жазған. Оның бұлай етуіне облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысымен жанжалдасып қалуы себеп болыпты. Осы орайда, БҚО Денсаулық басқармасының басшысы Болатбек Каюпов Надия Ахметовамен арада ешқандай кикілжің болмағанын және ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазғанын айтып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Бірақ, ол басқармаға бұған дейін жұмыстан шығу туралы өтінішін қарастырмауды сұрап, қайтадан хат жазған екен. Дегенмен, 29 маусымда жұқпалы аурулар ауруханасының директоры жұмыстан босатылатыны белгілі болды.

"Мен денсаулық жағдайына байланысты демалыстан соң жұмысқа шықтым. Сосын маған бөлім басшысы хабарласып, менің жұмыстан шығарылғанымды айтты. Бірақ мен 24 маусымда облыстық денсаулық сақтау басқармасына бұған дейін жұмыстан шығуға жазған өтінішімді қарастырмауларын сұрап, ресми хат жазғанмын", - дейді ол. 

Ал Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінде 16 маусымда аурухана директоры Денсаулық сақтау басқармасы басшысының атына өз еркімен қызметінен босату туралы жазбаша өтініш қалдырғанын айтты.

"Еңбек кодексіне сәйкес қызметкер еңбек шартын өз еркімен бұзса бұл туралы жұмыс берушіге бір ай бұрын ескертуі тиіс. Ахметова өтінішін кері қайтарып алу туралы арыз берген жоқ. 15 маусым мен 28 маусым аралығында еңбекке жарамсыздығына байланысты денсаулық жағдайы бойынша демалыста болған. 29 маусымда жұмысқа шыққаннан кейін Надия Ахметовамен еңбек шартын өз еркімен бұзу туралы бұйрық шығарылды", - деп хабарлады ведомства өкілдері.

Енді Надия Ахметова сотқа жүгінуді жоспарлап отыр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары