01.07.2020, 08:08

Елімізде бүгіннен бастап темекінің бағасы қымбаттады

фото: inbusiness.kz
Бұдан кейін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі мен темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 460 теңге болмақ.

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап 31 желтоқсанға дейін фильтрлі және фильтрсіз темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 440 теңге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін, яғни биылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін фильтрлі және фильтрсіз темекінің бір қорабының бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 420 теңге болған еді.

Бұл – жылына 20 теңгеден қосудың әлі бергі жағы. Енді Үкіметтің «Фильтрлі және фильтрсіз темекілердің бөлшек саудадағы бағаларын белгілеу туралы» қаулысы бойынша, бұдан кейін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі мен темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 460 теңге болмақ.

Тегтер: темекі