$ 494.87  520.65  4.91

Қандыағаштағы жарылыстан күйікке шалдыққан азамат дүние салды

Қандыағаштағы мұнай зауыты жарылысынан ауыр жағдайға түскен Еркінбек Халиуллиннің өмірін дәрігерлер құтқарып қала алмады, деп хабарлайды «Skifnews.kz».

―Мұғалжар ауданынан келіп түскен денесін қатты күйік шалған Еркінбек Халиуллин сейсенбі күні сағат 16:20-да демі үзілді, ― деді Ақтөбе облыстық ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Серік Айтуикн.

Еркінбек Халиуллин мен тағы бір зардап шегуші 28 жасар Мақсат Данияров өткен аптада Қандыағаштан жеткізілген болатын.

Одан бөлек, Мұғалжар аудандық ауруханасында тағы бір зардап шегуші 27 жасар Әділбек Дүйсебаев емделіп жатыр.

Айта кетейік, мұның алдында Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы «Вернал Ойл Казахстан» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауыты жарылып, зауыттың төрт бірдей қызметкері күйікке шалдыққан болатын. Олардың бірі иығына зақым келтіріп алып, дәрігерлердің қарауынан соң үйіне жіберілді. Ал, қалған үш адамның денелерінің 15, 40 және 85 пайыз бөлектерін күйік шалғандығы анықталған еді.

Әзірге жарылыстың неден пайда болғаны тексерілу үстінде.

Қандыағаша қаласы Ақтөбеден жүз шақырым жерде орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары