$ 494.87  520.65  4.91

«Мюнхен марафоны» жаңа форматта өткізілмек

Қатысушылар санын 12 600-ге дейін шектеу жоспарланған.

Марафонды ұйымдастырушылар Мюнхенде жарысты өткізу форматына өзгеріс енгізілгендігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Спорттық шараны 2020 жылы 11 қазанда ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылар марафонды виртуалды форматқа ауыстырмады, бірақ қатысушылар санын 12 600-ге дейін шектеу жоспарланған. Сондай-ақ марафонның ара қашықтығы да қысқарды. Жүгірушілер бұрынғыдай 42 км емес, 30 км қашықтықты бағындыруы қажет болады. Аталғандармен қоса ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы ережелер жиынтығы мен гигиена тұжырымдамасын жасады. 

«Біздің барлық шешімдеріміз бекіту үшін Мюнхеннің тиісті органдарына жолданды. Біз Мюнхенде жолығып, марафонды «2020 марафонын өзгеше өткіземіз» деген ұранмен ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз»,- деді Мюнхен марафонының директоры Йорг Вениг.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Олимпиада