Коронавирус жұқтырған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин аурудан айықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус инфекциясынан емделіп, аурудан жазылды. Медициналық хаттамаға сәйкес, Мәжіліс төрағасы коронавирусқа бақылау тестін тапсырған, ол теріс нәтиже көрсетті", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Нұрлан Нығматулин 16 наурызда тест тапсырған, ол оң нәтиже көрсеткен болатын. Кейін Мәжіліс төрағасы оқшауланған еді.
Нығматулинде коронавирустың симптомдары болмаған.