02.07.2020, 13:00

Карантин кезінде той жасауға тыйым салынды

фото: ашық дерек көзі
Бұл жайында Мемлекеттік комиссия отырысында айтылды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында карантин кезінде той жасауға тыйым салынатыны айтылады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу", - делінген комиссия шешімінде.

Тағы оқи отырыңыз:

Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілді

Сондай-ақ күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс жасайтыны айтылды.