02.07.2020, 17:20

Елімізде 1,5 млн адам коронавирусты анықтайтын тесттен өтті

Фото: coronavirus2020.kz
Тест эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі

Қазақстанда 1,5 млн адам КВИ бойынша тесттен өтті

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы уақытта Қазақстанда ПТР-тесттен өткізу жиілігі 35 мың адамға артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат пораталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Елде тестілеуді қолжетімді ету үшін 20 ПТР-анализатор сатылып алынуда. Бұл зертханалардың өткізу мүмкіндігін тәулігіне 35 мың адамға дейін арттыра түседі. ПТР-тесттен өткізу үшін 8 көшпелі зертхана сатылып алынады. Бүгінге дейін 1,5 млн адам КВИ бойынша тесттен өтті. Тест эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.