$ 448.15  483.46  4.86

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі қайтыс болды

Абдулманап Нурмагомедов 25 сәуірде пневмониямен ауруханаға түскен болатын.
Фото: sportmk.ru
Фото: sportmk.ru

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагамедов қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Суық хабарды Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Telegram-каналында жазды. 

«Достар, Абдулманап Нурмагомедовтің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар келді. Мен бүкіл шешен халқының атынан Абдулманап Магомедовичтің отбасына шын жүректен көңіл айтамын! Ол артында жақсы ат қалдырып, лайық ұрпақ өсіріп, арамыздан кетті!», - деп жазды Рамзан Кадыров. 

Айта кетейік, Абдулманап Нурмагомедов 25 сәуірде пневмониямен ауруханаға түскен болатын. Жағдайы нашарлаған соң Мәскеудегі ауруханаға ауыстырылған. Комада жатқан оның кейін жүрегіне ота жасалып, бапкер инсульт алған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары