$ 494.87  520.65  4.91

Ақтаулық блогер Ресейден жаяу шығып, туған жеріне төрт күн автостоппен жүріп келген (ВИДЕО)

Эльдардың сөзінше, оған дейін мұндай видеоны ешкім түсірмеген.

Ақтаулық Эльдар Мисриев есімді студент Ресейдің Краснодар қаласынан үйіне дейін төрт күн автостоппен жүріп келген. Жас жігіт 2100 шақырым жолды қалай бағындырғанын видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтаулық жігіт саяхат-блог түсіру туралы идеяның коронавирус індетінің салдарынан туындағанын айтады. Эльдардың сөзінше, оған дейін мұндай видеоны ешкім түсірмеген.

«Мен тек Қалмақия аумағы арқылы ғана жаяу жүрдім. Ол жазық далада елді мекендер кездесе бермейді, көмек беретін ешкім болған жоқ. Бірақ, табиғаты әдемі болған соң жаяу серуендеуге бел будым. Элистаға жақындаған сайын көліктер легі көбейді», - деді Эльдар Мисриев.

Студенттің айтуынша, оған 2100 шақырымды жүріп өтуге көтеріңкі көңіл күй мен өзіне деген сенімділік көмектескен.

«Саяхаттауға бірер күн қалғанда ғана диплом қорғап шыққанмын. Мұның студент үшін қаншалықты маңызды екенін білесіз бе? Қуаныштан болар, әйтеуір, Ақтауға дейін жаяу жүріп өттім. Жолда жаман адамдарды кездестірмейтініме сенімді болдым. Әрине, барлығы бірдей керек жеріме апарып тастауға ниет білдірген жоқ. Десе де, мені қолдағандар да аз болмады», - дейді ол.

Жігіттің сөзінше, ол Қазақстан аумағына жақындаған кезде көліктер ағыны бәсеңдеген. Сол себепті, оның жолында тек жүк көліктері жолығыпты. Жол жөнекей Эльдарды полиция қызметкерлері тоқтатқан. Сол кезде жігіт Краснодардан келе жатқанын айтыпты. Содан кейін тәртіп сақшылары жүк көліктерін тоқтатып, олардың бағытын сұрап, студентке көмектесуін өтініпті.

«Полиция қызметкерлеріміз өздерін жақсы қырынан көрсетті. Олар маған түнейтін жер беріп, тамақтандырды», - деді Эльдар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары