Нұр-Сұлтан қаласында 5 шілдеден бастап 2 апта бойы қоғамдық көліктер жүрмейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жайында CTS компаниясы Facebook парақшасында мәлімдеді.
"Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, 5 шілдеден бастап қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады (шамамен екі аптаға). Қоғамдық көлік қозғалысының қайта жандануы туралы қосымша хабарлаймыз. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін болады", - делінген хабарламада.