$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстанда дипломды түлектердің орнына роботтарға табыстады

Қысыл-таяң сәтке қарамастан бітіруші түлектерге арнайы құттықтау рәсімін ұйымдастырғаны үшін студенттер тарапынан алғыс жолданған.
Фото: bilimdinews.kz
Фото: bilimdinews.kz

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде ZOOM платформасы арқылы онлайн байланысқа шыққан бітіруші түлектерге диплом робот арқылы табыс етілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы bilimdinews.kz-ке сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда,  цифрлы технологияның дамыған үлгісі ретінде сәтті қызметін атқарған роботтың сұлбасы мантиямен үйлесе отырып, планшеттің экранында онлайн байланыстағы студентті шығару мүмкіндігі орайластырылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының ақпараттық имидждік қызметі.

Елдегі пандемия жағдайына байланысты онлайн конференция форматында өткен диплом табыстау рәсімі университет тарихында алғаш рет жүзеге асты. Сонымен қатар, сақтық шараларының қатаң талаптарын сақтау да назардан тыс қалмады. ZOOM платформасы арқылы өткен диплом табыстау рәсіміне бітіруші түлектермен қатар университет ректоры, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен ата-аналар қатысты. 

Қысыл-таяң сәтке қарамастан бітіруші түлектерге арнайы құттықтау рәсімін ұйымдастырғаны үшін студенттер тарапынан алғыс жолданды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары