$ 494.87  520.65  4.91

Әбіш Кекілбаевтың зайыбы қайтыс болды

Соңғы 17 жыл бойы инфекционист дәрігер болып жұмыс істеген...
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Қазақтың абызы Әбіш Кекілбаевтың жары өмірден озды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Клара Жұмабаева 1941 жылы дүниеге келген. Ғұмырының 32 жылын медицина саласына арнады. 15 жыл учаскелік терапеевт болып еңбек етті. Соңғы 17 жыл бойы инфекционист дәрігер болып жұмыс істеген.

Әбіш Кекілбаев пен Клара Жұмабайқызы жарты ғасырдан астам уақыт бірге өмір сүріп, 4 бала тәрбиеледі. Ерте жастан еңбекке араласқан ардақты ананың еңбегі еленіп, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Парасат» орденімен марапаттаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары