$ 444.22  476.38  4.82

Бүгін Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болады

Әкімдіктің хабарлауынша отшашуды онлайн түрде тамашалауғада болады.
Фото: ainews.kz
Фото: ainews.kz

Бүгін Нұр-Сұлтанда қала күніне орай отшашу болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бүгін Нұр-Сұлтанда Елорда күніне мерекелік отшашу өтеді. Тікелей эфир сағат 23:00-де Хабар24 телеарнасында көрсетіледі. Отшашу Есіл өзенінің (Орталық саябақ) жағалауында, Ботаникалық бақ (Қабанбай батыр даңғылы жағынан) және Пушкин – Абылайхан көшелерінің қиылысында басталады", - делінген әкімдіктің Instagram парақшасында.

Меркелік отшашуға бюджеттен қаржы бөлінбеген – шара демеуші қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

Әкімдіктің хабарлауынша отшашуды онлайн түрде тамашалауғада болады. Сондай-ақ барып көретін тұрғындар  санитария нормаларын қатаң сақтауы керек: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтауы және антисептик қолдануы тиіс.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары