$ 494.87  520.65  4.91

Парацетамол мен ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды? - маман жауабы

Оның айтуынша, бұл препараттар қабынуға қарсы дәрілер тобына жатады.
Фото: m24.ru
Фото: m24.ru

Температурасы 38,5 градустан төмен ересектерге парацетамол мен ибупрофен ішуге болмайды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана медициналық университетінің" кафедра меңгерушісі Нұрила Малтабарова айтты.

Оның айтуынша, бұл препараттар қабынуға қарсы дәрілер тобына жатады. Дәрігерлерде оларды қолданудың нақты хаттамасы бар.  

"Парацетамол мен ибупрофенді ересектер температурасы 38,5 градустан жоғары болған кезде ғана ішуі керек. Бұл препараттардың түрлі баламасы бар. Алайда дәрілердің кері әсері болуы мүмкін екенін ұмытпау қажет", - деді доцент.

Медицина ғылымдарының кандидаты неврологиялық сырқаттармен есепте тұрған балалардың  температурасы 37,5 градус болғанда парацетамол тағайындалатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары