06.07.2020, 15:34

Бүгін Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болады

Фото: ainews.kz
Әкімдіктің хабарлауынша отшашуды онлайн түрде тамашалауғада болады.

Бүгін Нұр-Сұлтанда қала күніне орай отшашу болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бүгін Нұр-Сұлтанда Елорда күніне мерекелік отшашу өтеді. Тікелей эфир сағат 23:00-де Хабар24 телеарнасында көрсетіледі. Отшашу Есіл өзенінің (Орталық саябақ) жағалауында, Ботаникалық бақ (Қабанбай батыр даңғылы жағынан) және Пушкин – Абылайхан көшелерінің қиылысында басталады", - делінген әкімдіктің Instagram парақшасында.

Меркелік отшашуға бюджеттен қаржы бөлінбеген – шара демеуші қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Әкімдіктің хабарлауынша отшашуды онлайн түрде тамашалауғада болады. Сондай-ақ барып көретін тұрғындар  санитария нормаларын қатаң сақтауы керек: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтауы және антисептик қолдануы тиіс.