$ 449.58  486.94  4.86

Елбасы қазақстандықтарға ВИДЕОүндеу жасады

Сонымен қатар Елбасы бүгінгі туған күніне орай бүкіл дүниежүзінен, Қазақстанның түкпір-түкпірінен құттықтаулар мен ізгі тілектер алып, оқып жатқанын атап өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Біз барлығымыз қиын кезеңді бастан өткізіп жатырмыз. Барлық қазақстандықтарға алғыс айтамын, тілектеріңізге орай мен кұш қуат алып емделіп шықтым. Сіздерге үлкен рақмет! Қазір де сырқаттанып, қиналып жатқан адамдар бар, солардың баршасына тезірек сауығып кетулерін қалаймын және олардың сауығып кететініне сенемін. Біз бұған сенуіміз керек. Біздің ата-бабаларымыз басынан қанша қиындық өткерді және біз де бәрін жеңеміз", - деді Елбасы.

Сонымен қатар Елбасы бүгінгі туған күніне орай дүниежүзінен, Қазақстанның түкпір-түкпірінен құттықтаулар мен ізгі тілектер келіп жатқанын атап өтті. Құттықтау жолдаған барлық шет мемлекеттің басшыларына, қайраткерлері мен саясаткерлеріне және қазақстандықтарға рахметін айтқан Тұңғыш Президент баршаға шын көңілінен үлкен табыс, бақыт тілейтіндігін жеткізді.

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бұл нәубеттен де өтеміз. Ертеңгі күні жүзіміз жарқын болып, талай кездесетін боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары