06.07.2020, 18:13

Коронавируспен ауырған еркектер белсіз болып қалуы мүмкін

Фото: ашық дерек көзі
COVID-19 ұрықтың белсенділігін 38%-ға азайтады.

Коронавируспен ауырып қайта жазылған еркектер болашақта бала туғыза алмайтын боп қалуы мүмкін, деген мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің бас гинеколог маманы Елена Уварованың сөзінше, COVID-19 еркектердің шәуетін (спермасын) 38%-ға азайтады.

"COVID-19 індетіне байланысты әсіресе еркектердің бедеулігі мәселесі туындап отыр. Еркектерге жұққан коронавирус ұрық сапасын шамамен 38%-ға төмендетеді. Ал Ресей еркектерінің ұрығын онсыз да аса сапалы деуге келмейді", деді ол.

Бұған дейін ғалымдар коронавируспен бір ауырып тұрған әйелдерді де денсаулығына сақ болуға шақырған болатын. Бұл вирус ACE2 ақуызы (вирус ағзаға сол арқылы кіреді) көптеп шоғырланатын несеп-жыныс жүйесі органдарына зақым келтіреді-мыс.

ACE2 ақуызы әйел ағзасындағы аналық жасушаның жетілуіне (овуляция), қысқасы, бала көтеру мен эмбрионның дамуына аса қажетті зат, деп жазады zakon.kz.