07.07.2020, 11:00

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрін қаржы полициясы тергеді

Мұндай маскалар нарықта 30-150 сом тұратыны зерттеуде айтылған.

Қырғызстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаевты Мемлекеттік экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі қызметі тергеді. Бұл туралы қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, тергеу денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды қызметкерлерінің жемқорлық әрекеттері мен фармацевтикалық компаниялардың мүддесі үшін жұмыс істеуіне байланысты жүргізілген.

Бұған дейін хабарланғандай, президент қаржы полициясына 2020 жылы ақпанда медициналық заттарды алу жөніндегі тендер нәтижелерін тексеруді тапсырған. Сол тексерудің нәтижесінде сотқа дейінгі өндіріс жүріп жатыр.

"ПолитКлиника" басылымы 1 шілдеде мемлекеттік сатып алу жөніндегі зерттеуін жариялады. Онда медициналық заттардың бағасы бірнеше есе жоғары екені көрсетілген. Мысалы, нарықтағы құны 2 мың сом тұратын медициналық сақтану киімі 6 мың сомнан сатып алынса, респиратор маскалар 300-400 сомға алынған. Мұндай маскалар нарықта 30-150 сом тұратыны зерттеуде айтылған.

Дереккөз: centralasian.org