07.07.2020, 14:20

Цой Президентке үндеу жолдаған шымкенттік дәрігер, курстасы Айна Бөкеевамен сөйлесті

Фото: tengrinews.kz
Мен онымен байланыса алдым. Біз қырық минуттай сөйлестік.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен ауырып жатқандарды емдеу дұрыс жүріп жатқан жоқ деп Тоқаевқа үндеу жасаған шымкенттік дәрігер, әрі курстасы Айна Бакеевамен сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін реабилитолог Айна Бакеева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео хабарлама жазған болатын. Ол коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды өтінген еді. Бейнежазбаны қазақстандықтар жедел хабар алмасу арқылы жібере бастады. Кейіннен Алексей Цой видеоға түсініктеме берді.

Тағы оқи отырыңыз:

«Емдеу хаттамасына өзгерту енгізбесе шыбын құсап қырылып қаламыз»: дәрігер Тоқаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)

«Ол менің курстасым Леша»: шымкенттік дәрігер министр Цой туралы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Негізгі мәселені, дәрігердің нені жеткізгісі келгенін түсіндім. Біз қырық минуттай сөйлестік.Ол әлеуметтік желілерде, тіпті медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша да ем-домның түр-түрі тарап кеткеніне алаңдаушылық білдіріп жатыр. Ем-дом түрлерін әлеуметтік желілерде көріп алған адамдардың да ойы сан-саққа кетеді. Ал кейбір препараттар керісінше, денсаулықты нашарлатады. Сұрақтарға жауап тапқысы келетін мыңдаған адам Айна Бакееваға жүгінеді екен", - деді денсаулық сақтау министрі.