АҚШ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке 2021 жылдың 6 шілдесінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) шығатыны туралы хабардар етті. Бұл туралы БҰҰ ресми өкілі Стефан Дюжарриктің баяндамасында айтылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz, РИА Новости дерегіне сілтеме жасап.
Ол Құрама Штаттардың 1948 жылдың 21 маусымынан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы Жарғысының қатысушысы болып саналғанын еске салды.
"Ұйымнан шығуға мүмкіндік беретін шарт бойынша бір жыл ішінде хабардар етуді және қаржылық міндеттемелерді толық өтеуді қамтиды", - деп атап өтті Дюжаррик.
БҰҰ ресми өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта БҰҰ бас хатшысы ДДҰ-мен бірлесіп АҚШ-тың шығуы үшін барлық шарт қаншалықты сақталғанын тексеріп жатыр.