$ 494.87  520.65  4.91

«Дәрі-дәрмек нарығында дүрбелеңге жол жоқ» - Бақытжан Сағынтаев

Шілде айының соңына дейін 1,2 млн. аспирин, 930 мың парацетамол, ибупрофеннің 350 мыңы, ингавириннің 100 мың қаптамасы, 80 мың азитромицин, 40 мың тамифлю және басқа да әлеуметтік маңызы бар дәрілер жеткізіледі.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев дәріханаларда кезек көбеюіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әкім осындай күрделі жағдай кезінде алыпсатарлардың жазасыз қалмайтынын ескертіп отыр. Оның айтуынша, күн сайын қаладағы дәріханаларға қажетті дәрілер жеткізіледі, бірақ тез арада өтіп кетіп жатыр.

"Құрметті алматылықтар! Бірқатар дәріханаларда кезек көбейіп, жұрт арасында дүрлігу байқалды. Осы жайтқа түсініктеме бере кетсем деймін.

Сұранысқа ие препараттарға деген қажеттілікті тұрақтандыру үшін 1 шілдеден бастап дәріханаларға 475 мың дана әлеуметтік маңызы бар препараттар, соның ішінде 260 мың парацетамол, 98 мың аспирин, 35 мың ингавирин, 22 мың азитромицин, 15 мың кардиомагнил және басқа да дәрі-дәрмектер түсті. Сондай-ақ дәріханаларға 30 мың термометр қойылды.

Қоймаларда әлеуметтік маңызы бар 645 мың дәрі-дәрмек, соның ішінде 301 мың аспирин, 84 мың кардиомагнил, 73 мың парацетамол, 42 мың ибупрофен, 26 мың амоксиклав және басқа да дәрі-дәрмектер бар.

Күн сайын қаладағы 105 дәріханаға дәрі-дәрмектер жөнелтіледі. Бірақ олар тез сатылып кетуде. Десе де, іркіліс болмайды. Шілде айының соңына дейін 1,2 млн. аспирин, 930 мың парацетамол, ибупрофеннің 350 мыңы, ингавириннің 100 мың қаптамасы, 80 мың азитромицин, 40 мың тамифлю және басқа да әлеуметтік маңызы бар дәрілер жеткізіледі.

Қаланың дәрі-дәрмек нарығында дүрбелеңге жол жоқ. Жағдай бақылауда. Құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Алыпсатарлар жазаланады", - деді ол facebook парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары