$ 446.49  475.38  4.79

Тоқаев бүгін елдегі ахуалға байланысты маңызды үндеу жасайды

Ол пандемияға қарсы күрес барысында барша қазақстандықтарды мазалаған проблемалар туралы айтуды жоспарлап отыр.

ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін телеарналар арқылы қазақстандықтарға үндеу жасамақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Берік Уәлидің жазуынша, президен елдегі ахуалға байланысты маңызды үндеу жасайды.

"Бүгін сағат 20:30-дa Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телевизиялық үндеу жасайды. Президент пандемияға қарсы күрес барысында барша қазақстандықтарды мазалаған проблемалар туралы айтуды жоспарлап отыр", - деп жазды президенттің басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары