Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылары коронавирус инфекциясымен күресуде жергілікті халықтан көмек сұрады деп жазады ibirzha.kz.
«Біздің өңірде дабыл қағатындай жағдай туындады, инфекциялық стационарларда медициналық персоналдар мүлдем жетіспейді. Көзге көрінбейтін жаумен адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін соғыста әрбіріңіздің көмегіңіз, қолдауыңыз қажет. Сондықтан сіздерді санитар болып жұмыс істеуге шақырамыз», - делінген басқарма таратқан хабарламада.
Жұмыс істеймін деген азаматтар төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:
Заңға сәйкес, аталған қызметтің жұмысшыларына 64 698 теңге жалақы қарастырылған. Ал, қазіргі эпидемиологиялық жағдай бойынша I санаттағы мамандарға істеген жұмысы үшін 850 мың теңге айлық-жалақы тағы беріледі.