$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада шенеуніктер қызметтік көліктерін жедел жәрдемге берді (ВИДЕО)

Жақын арада аудандық әкімшілік мамандары да бермек.

Қызылордалық шенеуніктер қызметтік көліктерін жедел жәрдемге берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

30 машинаның жанар-жағармайын да қала әкімшілігі өз мойнына алып отыр. Сондай-ақ, аудандық әкімшілік мамандары да жақын күндері темір тұлпарларын денсаулық сақтау мекемелеріне таратпақ.

Еліміздегі шенеуніктерге және бюджеттік мекемелерге жаңа автомобиль алуға тыйым салынды. Бұдан былай оларға көлік тұрмақ, кеңсе жиһазын алуға да 3 жылға дейін рұқсат жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары