$ 494.87  520.65  4.91

«Бәріміз теңбіз!»: Дәулеттің оқырмандары 63 тыныс алу аппаратының ақшасын 5 сағатта жинап берді

Дәулеттің айтуынша, ауырып жатқандарға жасанды тыныс алу аппаратына ақша жинау идеясын айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаевадан алған.

Белгілі экономист Дәулет Төлеутайұлы желідегі оқырмандарымен біріге отырып, коронавирус инфекциясымен күреске қомақты қаржы бөлді. Ақпарат өкілінің бастамасына бірден қолдау білдірген жанашыр жандар бес сағатта 12 миллион теңге жинай алған. Олар бұл соммаға енді 50 тыныс алу аппаратын сатып алмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Дәулет Төлеутайұлы жиналған ақшаға тыныс алу құрылғысын алып, оны әрбір өңірдегі зәру жандарға таратпақ ниетте. Елу қала мен елді мекеннің тізімі халық санына байланысты жасақталды.

Дәулеттің оқырмандары небәрі бес сағатта он екі миллион теңге жинап, көптеген науқастарға үміт отын сыйлады. Ақпарат өкілінің тарапынан жасалған қайырымыдылық бастама халықтың ыстық ықыласына ие болды.

Желідегілер індет өршіп жатқан кезде қолынан келгенше көмегін аямай жатқан көпшілікке тәнті болды. БАҚ өкілі жаңа тыныс алу аппараттары қай жерлерге жеткізілетінін Instagram желісінде хабарлады.

"Екінші тыныс" қайырымды шарасына ақша жинау аяқталды. Жиналған ақша 12 миллионға жетті. Жеке адамға аппарат алынбайды. Реніш болмасын. Алланың алдында бәріміз теңбіз! Бұйырса 50 аппарат таратылатын аймақтар: 

1. Алматы 2. Нұр-Сұлтан 3. Шымкент 4. Ақтөбе 5. Қарағанды 6. Тараз 7. Павлодар 8. Өскемен 9. Семей 10. Атырау 11. Қостанай 12. Қызылорда 13. Орал 14. Петропавл 15. Ақтау 16. Теміртау 17. Түркістан 18. Талдықорған 19. Көкшетау 20. Екібастұз 21. Рудный 22. Жезқазған 23. Жаңаөзен 24. Балқаш 25. Кентау 26. Қаскелең 27. Сәтпаев 28. Құлсары 29. Риддер 30. Щучинск 31. Степногор 32. Қапшағай 33. Арыс 34. Саран 35. Талғар 36. Жаркент 37. Ақсу 38. Байқоңыр 39. Аягөз 40. Шахтинск 41. Шу 42. Алтай 43. Лисаков 44. Қандыағаш 45. Ақсай 46. Жітіқара 47. Арал 48. Есік 49. Сарыағаш 50. Текелі (32000 халқы бар).

Дәулеттің айтуынша, ауырып жатқандарға жасанды тыныс алу аппаратына ақша жинау идеясын айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаевадан алған.

"Тұрсынбаеваның Instagram-парақшасынан "Қорымыз жасанды тыныс беру аппаратына ақша жинап жатыр" дегенді оқыдым. Соны оқып, Тұрсынбаеваға жаздым. Оқырмандарыммен бірге 50-ге жуық аппарат сатып алуға шамамыз жететін шығар деп айттым. Сөйтіп, байқап көрейік дедік. Кеше қаражат жинауды бастадық. 5 сағатта 12 миллион теңгедей ақша жиналды. Одан кейін де қорға ақша түсіп жатты. Сондықтан, басында хабарланғандай 50 емес, 63 аппарат алатын болдық", - деді блогер.

Tengrinews мәліметінде Дәулет Төлеутайұлы 63 аппаратты әр қалаға бөліп беретінін айтты. Оның айтуынша, қалаларды таңдағанда географиялық статусқа қараған. Қала статусы бойынша қай жерде адам саны көп болса, соларды таңдағанын айтады. Блогердің сөзінше, адам саны көп 50 қалаға бір аппараттан беріледі. Ал қалған 13-і аудандарға жіберіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Дәулет