$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус жұқтырған бір науқасты емдеуге қанша қаржы жұмсалады?

Есеп айырысуды ескере отырып, пациенттің реанимацияда болуы бөлек жеке тариф бойынша төленеді.

Медициналық сақтандыру қоры жеке емханаларды тарту мақсатында коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге арналған тарифті көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазір стационардағы коронавирус жұқтырғандардың әрқайсысын емдеу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымның атына науқастың аурухана төсегінде жатқан әрбір күн үшін бекітілген тарифтер бойынша төлем аударады: карантиндегі - 10,4 мың теңге; провизорлы - 11,6 мың теңге; инфекциялық - 15,1 мың теңге. Сонымен қатар, вирусқа қарсы препараттар ауруханаларда қолданғаннан кейін медициналық ұйымдарға бөлек төленеді.

Бұдан басқа, қордың өкілдері жаңа стационарларды ашу үшін қаражат бар екенін, тек өңірлік әкімдіктердің оларды қай жерде ашатыны туралы шешімі және медициналық ұйымдардың ықыласы болуы қажет екенін атап өтті.

"Стационарларда емдеу тарифтерін арттыру мәселесі медициналық ұйымдарға жіберілді, себебі олар басқа да шығындарды қамтуы тиіс. Қазіргі уақытта стационар түріне байланысты тарифтер 10-нан 15 мың теңгеге дейін құрайды. Есеп айырысуды ескере отырып, пациенттің реанимацияда болуы бөлек жеке тариф бойынша төленеді. Бұйрық әкімдіктермен келісілді және қазіргі кезде әділет министрлігінде. Қор коронавирусты емдеу бойынша кез келген медициналық ұйыммен, оның ішінде, жеке емханаларме шарт жасасуға дайын. Ең бастысы - аймақтың денсаулық сақтау басқармасының келісімі болуы тиіс", - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, провизорлық емдеуге жатқызу тарифі 1 күнге - 21,9 мың теңгеден астам; тәулік бойы стационарларда емделіп шығу тарифі - 32,2 мың теңгеден астам; науқастың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде болуы тарифі - шамамен 70 мың теңге. Сондай-ақ, МСАК мобильді бригадасының қызметтеріне тариф қарастырылған - 1 шақыру үшін 5 500 теңгеге жуық.

Хабарланғандай, бұл шаралар стационарларды ұйымдастыру бойынша қызметтерді медициналық қызмет көрсетушілер үшін тартымды етуге мүмкіндік береді және өңірлерде жаңа стационарлар құрылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары