10.07.2020, 10:00

Алматыда заңсыз жұмыс істеген сұлулық салоны анықталды (ВИДЕО)

Іс қала әкімдігіне жіберілді.

Алматыда қатаң шектеуге қарамастан сұлулық салоны заңсыз жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Сұлулық салоны Алмалы ауданында жұмыс істеген. Ондағы қызметкерлер клиенттерге жеке қорғаныс құралдарынсыз қызмет көрсетіпті.

"Салонда санитариялық ережелер сақталмаған. Біз бұл заң бұзу дерегі бойынша хаттама толтырдық. Іс қала әкімдігіне жіберілді", - дейді Алмалы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Әсия Қуанышова.

Сұлулық салонының қожайыны айыппұл төлеп, бизнесін тоқтатты. Ол өз кінәсін толық мойындады.