Өкпе қабынуынан бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ол бірнеше жылдан бері ауыл шаруашылық саласына жетекшілік етіп, оның дамуына өз үлесін қосқан еді. Сонымен қатар осы дерттен облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов те көз жұмды.
Осы лауазымда бір жылдан аса қызмет еткен марқұм өңірде коронавирус індетінің таралмауы үшін қауіпсіздік талаптарын енгізіп, ел амандығын сақтау мақсатында еңбек еткен болатын.