$ 447.4  477.55  4.76

«Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін» - Тоқаев

Президенттің айтуынша, бас санитар дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдай жақсармаса, Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеуі жайында мәселе туындайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды", - деді Тоқаев Үкімет отырысында.

Президенттің айтуынша, бас санитар дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ.

"Бас санитарлық дәрігердің пікіріне ешкім құлақ асқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз болды. Нәтижесінде біз гуманитарлық көмек алып, шетелдік мамандарға кеңестері үшін алғыс айтып отырмыз", - деді Мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары