$ 494.87  520.65  4.91

Әуезов ауданында 205 аула көріктендіріліп, 7 сквер жөнделеді

Құрылысы 15 мамырда басталып, Ян Гейл әдісі бойынша салынып жатқан жаңа нысандардың бірі – 10-ықшам аудандағы жүргіншілер бульвары.

Биыл Алматының Әуезов ауданында 205 аула көріктендіріліп, 7 сквер жөнделеді. Ал жұмысшылар «Жұмыспен қамту» жол картасы арқылы алынады. Тек, «Ақсай-2» ықшам ауданында 3 бірдей аула жөндеуден өтіп жатыр, - деп хабарлайды Sn.kz.

Биылғы жылдың ақпан айында Әуезов ауданы халқымен кездескен шаһар басшысы мұндағы қордаланған мәселелерді тыңдап, оның шешілуіне септесетінін жеткізген еді. 

«Өз аудандарына қандай жоба қажеттігін тұрғындардың өздері анықтауы үшін   «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша әр ауданға 500 млн теңгеден берілді. Гүл бақтары керек пе? Ұсыныс болса, соны жасайық», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Құрылысы 15 мамырда басталып, Ян Гейл әдісі бойынша салынып жатқан жаңа нысандардың бірі – 10-ықшам аудандағы жүргіншілер бульвары. Тұрғындардың қалауы бойынша жасалып жатқан шаруаға 287 миллион теңге бөлінген. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев абаттандыру жұмыстарымен өзі жеке танысып шықты.

«Біз 10-ықшам ауданда жүргіншілер жолынның құрылысын бастадық. Мұнда 2 балалар ойын алаңы мен 1 спорт алаңы салынады. Көшеде жарық бағандары, 45 орындық және қоқыс жәшіктері де қойылады. Бастысы ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары да жүргізілді», – деді құрылыс компаниясының атқарушы директоры Сергей Шакиров.

Осылайша, аудан тұрғындарының өтініші бойынша Сац атындағы балалар театрының аумағы да қайта жөнделіп жатыр. Оған 65 миллион теңге қаржы жұмсалады. Театр маңындағы субұрқақты жөндеу кезінде 32 жарық бағаны мен 50 орындық қойылмақ. Мұнда «Жұмыспен қамту» жол картасы аясында 44 маман еңбекпен қамтылған.

«Демонтаж барлығын жасап болдық. Асфальтін салдық, жол жиегін орнаттық. Енді қазір тек қана жарықтандырумен айналысып жатырмыз.  Енді шағын сәулет нысандарын  күтудеміз. Бір айдың көлемінде балалар алаңдары  келуі керек », – деді мердігер ұйымның директоры Нұрбол Нысанбаев.

Ал тұрғындар қала әкімі Бақытжан Сағынтаeвқа дән риза eкeндeрін жeткізді.

«Әзір ремонт жасап жатыр ғой, сол ертерек бітсе, балалар ойнайды, ары-бері жүреді, ата-аналары келеді. Өте көрікті жер. Меніңше, бұдан да әдемі болады», - дeді аудан тұрғыны.
Сондай-ақ, қазіргі таңда ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 7 скверге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық іс қала басшылығының бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, Биыл Алматының Әуезов ауданында 205 аула көріктендіріліп, 7 сквер жөнделеді. Ал жұмысшылар «Жұмыспен қамту» жол картасы арқылы алынады. Тек, «Ақсай-2» ықшам ауданында 3 бірдей аула жөндеуден өтіп жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Әуезов