Жаңалықтар 22.06.2020 сағат 13:38

Алматыда 257 мың түп ағаш отырғызылады

Ал, көгалдандыру жұмыстарын Алатау, Наурызбай және Жетісу аудандарында жүргізу жоспарланып отыр.
Алматыда 257 мың түп ағаш отырғызылады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда 2020 жылдың соңына дейін 257 мың түп ағаш отырғызылатын болады. Ал, көгалдандыру жұмыстарын Алатау, Наурызбай және Жетісу аудандарында жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы онлай брифингте қалалық жасыл экономика бақармасының өкілі хабарлады. Жалпы, алдағы 3 жылда қалада 1 миллион жасыл желек егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sn.kz.

Ал, көгалдандыру жұмыстарын Алатау, Наурызбай және Жетісу аудандарында жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы онлай брифингте қалалық жасыл экономика бақармасының өкілі хабарлады. Жалпы, алдағы 3 жылда қалада 1 миллион жасыл желек егу жоспарланып отыр.

«Алматы-2050» стратегиясының негізгі бағыттарының бірі жасыл қаланы дамыту болып табылады. Соның негізінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен мегаполистегі жасыл қорды дамытуға және ұлғайтуға бағытталған көптеген шаралар кешені іске асырылуда. Мәселен жалпы шаһар аумағында 2 миллион 300 мың ағаш өседі. Десе де оның 23 пайызы қурап, әлсіреген. Ал, 2019 жылы күзде 135 мың түп тал егілсе, осы жылдың аяғына дейін тағы 8 мыңы отырғызылмақ.

«Әкімнің тапсырмасы бойынша біз ағаш түптерін отырғызу талаптарын әзірледік. Мәселен, талдың жасы 6-8 жыл және диаметрі 3 сантиметр болуы керек, ал биіктігі кемінде 3 метр боғаны дұрыс. Жасыл-желектің өсуіне шамамен 2 жыл уақыт кетеді. Бірақ ол үшін арнайы күтім керек. Мегаполисте белгілі бір ағаш түрін егу үшін арнайы аймақтарды анықтап, стратегия әзірлеп жатырмыз. Себебі олар кез келген топыраққа немесе климаттық жағдайға оңай бейімделе бермейді», – деді қалалық Жасыл экономика басқарма басшысы Наталья Ливинская.

Осылай ескі және апатты ағаштарды ауыстыру және жасыл қорды дамыту арқылы жаңа жасыл аймақтар белгіленетін болады. Ал, шаһарда ең көп өсетін қарағаш талы барлық жасыл желектің 40 пайызын құраса, теректің саны 5 пайыз ғана. Қазіргі таңда 1 адам басына шаққанда ағаш саны 3 жарым шаршы аумаққа келеді. Алдағы уақытта жасыл желектер алаңын ұлғайту арқылы бір адамға 4 шаршы метрге дейін жеткізу қажет.

«Рұқсатсыз ағаштар кесілсе, шағыны өтеледі. Мәселен, 1 тал орнына 3 ағаш егу қажет. Бұл – өте күлкілі. Елестетіңізші, ерекше тұқымды сау 1 қарағай кесілді делік. Оның 1 текшелік құны 80 мың теңге. Ал, орнына отырғызылған 3 ағаш кемінде 50 жылда өседі. Яғни, бұл тиімсіз. Тек, 1 тал кесілсе, орнына 100-ін егу туралы ереже қабылданса, қалада жасыл желекті көбейте аламыз», – деді эколог Тимур Елеусізов.

«Ауаның тазалығын қамтамасыз ету үшін жылу электр орталықтарын модернизациялау керек. Оның 4 түрлі жолы бар. Ол – алдымен көмірден газға көшу, екіншісі – ауаны тазарту фильтріне өту болса, үшіншіден, жаңа газ жүйесін орнату қажет. Не болмаса осының барлығын бірден жасауға болады. Біз осы мәселеге жауапкершілікпен қарап, барынша оңтайлы шешім қабылдауымыз керек», – деді Ауаның тазалығын бақылау қоғамдық қорының мүшесі Нұржан Жаңабеков.

Жалпы қазіргі таңда қаланың 10 гектар аумағында көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Шаһардың тынысын қамтамасыз етіп отырған жапырақты ағаштарды көбейту мақсатында жұмыспен қамту жол картасы арқылы 60 қоғамдық орындар абаттандырылуда. Сондай-ақ, экологиялық мәселе де қолға алынып, ауаның сапасын көрсететін LED-экрандардың саны артып келеді. Сарапшылар мен қоғам белсенділерінің пікірі негізінде, веложолдар салу, экобекеттер мен экобокстар орнату, автомобиль майларын, шиналарды кәдеге жарату да жолға қойылмақ.

«Алматыдағы экологиялық белсенділердің арнайы тобы құрылған. Біз үшін қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары маңызды. Біз шаһарда ауаның таза болғанын қалаймыз. Өзен-көлдердің тартылып қалмауын және қоқыстардың өртеніп, тұрғындарды улағанын қаламаймыз. Соңғы рет қоғамда дүрбелең тудырған су қоймаларының кішіреюі мәселесін де назардан тыс қалдырмадық», – деді қаланың қоғамдық кеңес мүшесі Сергей Пономарев.

Сонымен қатар, арық жүйлері мен су нысандарының көптеп салынуы жасыл-желектің көбеюіне ықпал етпек. Қаланың осындай экологиялық ахуалын көтеру мақсатында қазір эколог мамандар мен ғалымдар, мүдделі тұрғындар кіретін жұмыс топтары белсенді жұмыс істеуде. Жалпы, 2022 жылға қарай атмосфераны ластаушы заттардың шығарылуын 94 мың тоннаға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар