Бүгінгі таңда Алатау ауданына қарасты «Ұлжан-1» ықшам ауданында кәріздік насос станция салынып жатыр. Оның құрылысымен бүгін қала әкімі өзі жеке танысты, - деп хабарлайды Sn.kz.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Алатау ауданы халқымен кездесуінде ең көп көтерілген сұрақ су құбыры мен кәріз жүйесіне қатысты болған еді. Аудан тұрғындары мегаполис басшысынан өткір мәселелерді тезірек шешіп беруді сұраған болатын.
Нәтижеде бірталай шаруа атқарылды. Ақбұлақ, Құрылысшы, Шапағат, Өжеттегі магистралдық көшелерде су құбырлары мен кәріз желілері тартылып жатыр. Ал «Ұлжан-1» ықшам ауданында 5-6 көшені қамтитын кәріздік-насостық стансаның құрылысы жалғасуда. Оны тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр.
«Ұлжан-1»-де кәріздік-насостық станция салынып жатыр. Ол тағы да 5-6 көшені қамтып, жердің өзінің қыртысына байланысты, ақпай қалатын жерлерінде канализационно-насосный станциялар сол суды общий коллекторге алып кетеді», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.
Ал қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев халықты орталықтандырылған кәріз желісімен қамтамасыз ету жоспарымен таныстырды.
«Жер бедері биіктеу, сондықтан кәріз желілері жұмыс істемеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, артта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Тамыз айына дейін кәріз желісінің насостық станциясын бекітіп, халықты орталықтандырылған кәріз желісімен қамтамасыз ету жоспарымызда бар», – деді қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен кездесуінде тағы бір мәселеге ерекше ден қойды. Ол – жерлерді заңдастыру. Бүгінде тек Алатау ауданы бойынша заңдастырылмаған 724 жер теліміне қатысты оң шешім шықты. Ал қалған жерлер бойынша «Қарасу» ықшам ауданынан ауқымды аумақ бөлініп, орын ауыстыру жұмыстары қарастырылуда.
«930 жер тілімі анықталған болатын. Заңсыз үйлерін салып алып, жерлерін заңдастыра алмай отырған. Былтыр сол жер телімдерінің 724-і оң шешімін тауып, жерлерін заңдастырып, қолдарына көк қағаз дейді қазақта, госактілерін алды», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.
Алатау ауданында әлі шешемін таппаған 206 заңсыз жер тілімі бір. Ол өз еркімен басып алынған жерлер, қызыл белдеу мен су қорғау аумағында орналасқан жерлер. Енді соларды шешу мақсатында осы Алатау ауданына қарасты Қарасу ықшам ауданынан 23,3 гектар жер бөлу қарастырылған.
Осылайша, Алатау ауданында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тапсырған түйткілдер бірте-бірте шешімін тауып келеді. 9 ықшам ауданда жаңа жол құрылысы жүргізіліп жатса, 6 ықшам ауданы бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.
Естеріңізге сала кетейік, Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Алатау ауданы халқымен кездесуінде ең көп көтерілген сұрақ су құбыры мен кәріз жүйесіне қатысты болған еді. Аудан тұрғындары мегаполис басшысынан өткір мәселелерді тезірек шешіп беруді сұраған болатын. Нәтижеде Ақбұлақ, Құрылысшы, Шапағат, Өжеттегі магистралдық көшелерде су құбырлары мен кәріз желілері тартылып жатыр. Ал «Ұлжан-1» ықшам ауданында 5-6 көшені қамтитын кәріздік-насостық стансаның құрылысы жалғасуда.