Жаңалықтар 16.06.2020 сағат 13:37

Сағынтаев Әуезов ауданының абаттандыру жұмыстарын тeксeрді

Жалпы, биыл Әуезов ауданында 205 аула абаттандырылмақ.
Сағынтаев Әуезов ауданының абаттандыру жұмыстарын тeксeрді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматының Әуезов ауданында  Ян Гейл әдісі бойынша салынып жатқан жаңа нысандардың бірі – 10-ықшамаудандағы жүргіншілер бульвары. Жалпы, мұндағы жұмысқа барлығы 287 миллион теңге бөлінген.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданының абаттандыру жұмыстарына да баға берді, деп хабарлайды Sn.kz.

Қазір 2 мыңнан аса шаршы аумаққа асфальт төселіп, 680 шаршы метр ойын аймағына резіңкелі жапқыш салынбақ. Ал құрылыс алаңында 40-қа жуық адам еңбек етіп жүр.

Сондай-ақ, аудан тұрғындарының өтініші бойынша Н.Сац атындағы балалар театрының аумағы да қайта жөндеуден өтеді. Оған 65 миллион теңге қаржы бөлінген. Жұмыстар басталып кетті. Театр қасындағы субұрқақты жөндеу кезінде 32 жарық бағаны мен 50 орындық қойылмақ. Мұнда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының 44 маман еңбекпен қамтылған.  

«Біз 10-ықшамауданда жүргіншілер жолының құрылысын бастадық. Мұнда 2 балалар ойын алаңы мен 1 спорт алаңы салынады. Көшеде жарық бағандары, 45 орындық және қоқыс жәшіктері де қойылады. Бастысы, ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары да жүргізілді», - деді құрылыс компаниясының атқарушы директоры Сергей Шакиров.

Жалпы, биыл Әуезов ауданында 205 аула абаттандырылмақ. Тек Ақсай-2 ықшамауданында 3 аулада жөндеу жұмыстары жүзеге асуда. 90 пайызға аяқталып қалған бұл нысанда 100-ге жуық жұмысшы бар.  

«Демонтаж жұмыстарын аяқтадық. Асфальт, бордюрін салдық. Енді тек тіреуіштерін қойып жатырмыз, балалар алаңдарын жарықтандыру жұмыстарын бір ай мерзім ішінде аяқтаймыз», - деді мердігер ұйым директоры Нұрбол Нысанбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы қаласының әкімі  Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданының абаттандыру жұмыстарын тeксeрді. Аталған аудандағы Ян Гейл әдісі бойынша салынып жатқан жаңа нысандардың бірі – 10-ықшамаудандағы жүргіншілер бульвары. Жалпы, мұндағы жұмысқа барлығы 287 миллион теңге бөлінген. Қазір 2 мыңнан аса шаршы аумаққа асфальт төселіп, 680 шаршы метр ойын аймағына резіңкелі жапқыш салынбақ. Ал құрылыс алаңында 40-қа жуық адам еңбек етіп жүр.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар