Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында мәлімдеді.
«Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі», - деп жазды Президент.
Қазіргі таңда Атырау облысы коронавирусқа шалдыққан науқастар саны бойынша елімізде алдыңғы орында тұр. Облыста барлығы 7393 адам тіркелген, оның ішінде 4729-ы жазылып шықты, қайтыс болғандар - 13 науқас.