$ 494.87  520.65  4.91

ДДСҰ: Қазақстандағы пневмония коронавирустың жаңа түрі болуы мүмкін (ВИДЕО)

Қытайлық БАҚ Қазақстанда "белгісіз пневмония" тарап жатқанын хабарлаған болатын. Кейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда соңғы күндері тарап жатқан пневмония коронавирустың жаңа формасы деген күдігін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан Женевадағы онлайн-брифингте Қазақстандағы жағдайларда "диагностика қате жасалған" деген пікір білдірген.

Райанның сөзінше, қазіргі уақытта ДДҰ рентген түсірілімдерін зерттеп, COVID-19-бен сәйкес келетін пневмония үлгілерін анықтау үшін ел билігімен жұмыс істеп жатыр.

"Денсаулық сақтау органдары жалған теріс нәтиже көрсететін тесттердің жоғына көз жеткізу үшін өткізілген тесттер мен тестілеу сапасын тексереді", - деді Райан.

Еске салайық, бұған дейін қытайлық БАҚ Қазақстанда "белгісіз пневмония" тарап жатқанын хабарлаған болатын. Кейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарған.

Тағы оқи отырыңыз:

Қытай Қазақстандағы азаматтары үшін алаңдаулы

"ДДҰ аурулардың халықаралық классификациясын енгізген - АХК-10 пневмонияны есептеу коды, бұл коронавирус диагнозы клиникалық немесе эпидемиологиялық болған кезде қойылған, мысалы, зақымдалған өкпеде "күңгірт шыны" белгілері бар, бірақ зертханалық расталмаған жағдайды айтады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты пневмонияның бұл түрін есепке алуды және бақылауды жүргізеді, бұл коронавирус инфекциясының таралуын тұрақтандыруға бағытталған уақтылы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін маусымда пневмониядан 628 қазақстандық қайтыс болғаны хабарланған. Былтырғы алты аймен салыстырғанда биыл пневмониямен ауыру деңгейі 55 пайызға өскен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары