$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда екі медицина қызметкері коронавирустан көз жұмды

Бәрінен бұрын азаматтық парызын жоғары қоятын тамаша жандар осылайша арамыздан кетті.
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Атырауда инфекционист-дәрігер Жұмабек Дәулетов пен фельдшер Алмагүл Демисинова коронавирус инфекциясы мен екі жақты пневмониядан қайтыс болды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы АқЖайыққа сілтеме жасап.

"Жұмабек Дәулетов медицина саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етті. Пандемия басталған кезде ол №2 облыстық аурухананың бүкіл маманына кеңес берді. Ол мейірімді, жанашыр, ең бастысы – тәжірибесі мол инфекционист маман еді", - дейді жұқпалы аурулар ауруханасының баспасөз хатшысы Аслан Жеңісұлы.

Сонымен қатар, 10 шілдеде жоғары санатты фельдшер - 48 жастағы Алмагүл Деммисинова екі жақты пневмониядан көз жұмды.

"Медицина училищесін бітіргеннен кейін жедел жәрдем станциясында еңбек жолын бастады. Сауатты, жауапты маман болатын. Ол жастарға білгенін үйрететін, уақытпен санаспайтын - ауысымда адамдар жетіспей жатса, олардың орнына қалатын. Оны бәрі құрметтейтін", - дейді облыстық жедел жәрдем станциясындағы әріптестері.

Соңғы кездері Алмагүл Демесинова коронавирус инфекциясымен күресуге жұмылдырылған бригада құрамында жұмыс істеді. Жұмыста жүріп ауырып, ауруханаға жатқызылып, сол жерде қайтыс болды.

Бәрінен бұрын азаматтық парызын жоғары қоятын тамаша жандар осылайша арамыздан кетті. Олар мәңгі жадымызда...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары