Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Амандық Баталов Facebook парақшасында жазды.
«Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс айтамын. Ал ақ халатты абзал жандарға алғысым ерекше. Олардың ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым. Енді жұмысқа кірісіп, сіздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін», - деп жазды Амандық Батталов.
Тағы оқи отырыңыз:
Коронавирус жұқтырған Амандық Баталовтың қазіргі жағдайы қалай?