13.04.2016, 04:08

Дубай дінбасылары бөтеннің Wi-Fi желісін пайдалануды күнә деп тапты

Дубайдың Ислам және қайырымдылық департаментінің басшылары өзгенің Wi-Fi желісін пайдалануға тыйым салатын пәтуа шығарды деп хабарлайды Lenta.ru.

«Біреуге тиесілі дүниені рұқсатсыз немесе ақысын төлемей пайдалануға болмайды. Сондықтан, интернетті тек тиісті қызмет түріне жазылып, ақшасын төлегеннен кейін ғана пайдалану керек», — делінген пәтуа мәтінінде.

Ал, Wi-Fi нүктесіне өзгелердің қосылуы интернет жылдамдығының сапасын төмендетіп жіберетіні анық. Сондықтан, Wi-Fi иесінің рұқсатын алмай оны пайдалану ұрлықпен бірдей дейді діндарлар. Демек, бұл да күнәға жатады.

Айта кетейік, былтыр Дубай шаһарының билігі қалаға "ақылды" пальмалар орнатқан болатын. Олар Wi-Fi арқылы тегін интернет таратып, телефон аккумуляторын қуаттап бере алады.