$ 498.34  519.72  4.85

Өзбекстанда үйленгелі жатқан күйеу жігітті алып қашты

Самарқан облысында Надыр Абдухамидов есімді жас жігіт өзінің жақсы көретін қызының болашақ жарын ұрлап әкеткен. Ол "Күйеу ұрлау" операциясына өзінің туыстарын көмекке шақырған деп жазады Азаттық радиосының жергілікті өкілдігі.

Тек кинодан ғана көретін оқиға Өзбекстанның Самарқан облысы Булунгур ауданында орын алған. Надыр өзінің ғашығымен отауласқысы келсе де қыздың ата-анасы өзге біреумен құдаласып, ұзату тойының күнін белгілеп қойыпты. Алайда, дәстүрден бұрын жүрегінің әмірімен жүрген жас жігіт тойды болдырмау үшін күйеу баланы ұрлап кеткен. 

Самарқанның құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, Надыр жоспарын жүзеге асыру үшін туыс ағалары Хабибулло Абдухамидов пен Аббос Ибрагимовті көмекке шақырған. Бір шешімге уағдаласқан ер азаматтар күйеу балаға қоңырау шалып, көшеге шығуын сұрайды. Ол сыртқа шыққанда, күшпен көлікке отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен.

Соңында "күйеу баланы ұрлаған" Надыр Абдухамидов Қылмыстық кодекстің 277-бабы бойынша ("Бұзақылық") айыпты деп табылып, 3,5 жылға сотталады. Ал оның туыстары 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары