Алматының "Ақбұлақ" шағынауданында 3 жасар қызды иттер талап өлтірген деп жазады informburo.kz. Куәгерлердің айтуынша, сәби жедел жәрдем станциясы келемін дегенше жан тапсырған.
Қазіргі таңда полицейлер қайтыс болған қыздың үйінде тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары оның ата-анасымен бірге куәгерлерден де сұрақ-жауап алуда. Сондай-ақ, оқиға орнына ветеринарлық қызмет өкілдері де келіп жеткен. Олар бүлдіршінді талаған иттерді іздестіріп жатыр.
Марқұмның атасының айтуынша, бүгін таңғы 10:20 шамасында үйде қараусыз қалған кішкентай қыз далаға өз бетімен шығып кеткен. Көшеде жүрген қаңғыбас иттер оны талап тастапты.