$ 498.34  519.72  4.85

Доллар бағамы 333 теңгеге дейін арзандап кетті

KASE қор биржасы таңертеңгі сессиясының қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 333,79 теңгені құрады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгінгі сессияның ең алғашқы келісімі 333,4 теңгемен жасалған. Сессия барысында 1 доллар үшін ең төменгі баға 333 теңгені құраса, максималды көрсеткіш 334 теңгеге дейін жетті. Жалпы, барлығы 117,25 миллион доллар саудаланған. Ал, Kurs.kz порталының мәліметі бойынша, валюта алмастыру орындарындағы доллар бағамы 328-333 теңгені құрап отыр. 

Айта кету керек, доллар бағамының төмендеуіне кешегі Brent маркалы мұнай барелінің 44 долларға дейін қымбаттауы себеп болуда. Егер мұнай бағасы осы қарқынмен өсе беретін болса доллар тағы арзандайды дейді отандық сарапшылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары