$ 494.87  520.65  4.91

«Қытай жіберген маскаларға коронавирус жұқтырылған ба?» - министрлік жауабы

Басқа елдерден келетін барлық медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар мұқият тексеріледі.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Қытайдан жіберілген 
коронавирустық инфекцияны жұқтырған маскалар туралы аудиожазбаға» қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «whatsapp» мессенджеріндегі Қытай Халық Республикасынан гуманитарлық көмек арқылы әкелінген коронавирустық инфекцияны жұқтырған маскалар туралы аудиожазбаға қатысты мынаны хабарлайды:

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сонымен қатар, басқа елдерден келетін барлық медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар барлық белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігі мұқият тексеріледі.

Бұдан басқа, осы жағдай бойынша ақпарат таратушының жеке басын анықтау үшін ішкі істер органдарына берілді», - делінген ресми хабарламада

Сондай-ақ комитет қазақстандықтардаг әлеуметтік желілердегі дұрыс емес ақпаратқа ермей, тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.

Мұнан бөлек, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін адамдар ҚР ҚК-нің «Көрінеу жалған ақпарат тарату» деген 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары